Рефлексиялық есеп Садықов Ғани
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы
Төле би атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Садықов Ғанидың рефлексиялық есебі
Оқытудағы Кембридж тәсілінің негізгі міндеті-Қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалау. Заманауи оқыту әдістемелері негізгі жеті тақырып төңірегінде топтастырылған. Жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген стратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады. Олардың қатарына төмендегі жеті модуль жатқызылады:
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, «Мұғалім-мектеп жүрегі» деп Ы.Алтынсарин айтқандай мектептің басты тұлғасы, «жүрегі» – мұғалім. Мұғалім жүрегі қалай соқса мектептегі білім мен тәрбие берудегі ізденіс те оқушыларға беретін білім сапасы да солай болмақ. Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Олай болса елімізде мұғалім қауымы үшін білім беру үрдісін түбегейлі өзгертуге негізделген курсты оқу арқылы, ұстаздарға өз елінің патриоты, ата-анасын қадірлейтін, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл сыни тұрғыдан ойланатын топ алдында жасқанбай сөз бастайтын ,жасампаз тұлғаны қалыптастыру міндетін жүктеді. Тәуелсіз еліміздің ертеңі жас ұрпақтың сапалы білім алуы кезек күттірмейтін өзекті мәселердің бірі екенін ел басы басымдықпен айтады және жүктейді.
Мен бұрынғы сабақтарыммен қазіргі сабақтарымды салыстыра отырып зерделесем арасында жер мен көктей айырмашылық бар. (кеңес кезеңіндегі білім жүйесін жоққа шығарудан аулақпын )Курсқа дейінгі сабақтарымды дәстүрлі түрде өткізіп келдім. Ол сабақтарымда қатып қалған әдіс бойынша өткіздім, оқушылардың екі көзі мұғалімнің іс-қимылында, өз ойларын жеткізе алмай, айтуға қорқып отыратын. Сол сабақ жоспарларын құруда да мен қатып қалған күнтізбелік жоспар бойынша, үйреткен технологияларға сүйене отырып жасайтынмын. Школьникам білім бере отырып тек қана өзім түсіндірсем, оқушылар тып-тыныш қайталаса, берілген тапсырмаларды орындаса ғана сабақ мақсатына жетті деп ойлайтынмын.Бір күнгі сабағымның мақсатқа жеткендігін белсенді тез қабылдайтын, дарынды оқушылардың жауаптары арқылы өлшейтінмін.
Осы курсты аяқтағаннан кейін өз іс-тәжірибемде жеті модульді пайдаланып сабақтарымды өткізе бастағаннан кейін, оның артықшылықтарына көз жеткіздім.
Жаңа әдістерді пайдалану арқылы жоспарланған сабақтарымда оқушылардың оқу үдерісіндегі қажеттіліктерін, сабақта не білгілері келетіндерін ғана анықтап қоймай, қалай, қандай жолмен білгілері келетіндерін, сынып деңгейін, сыныптың қажеттілігін анықтап алдым.
<!--
[if gte vml 1]>
<!--
[if !vml]
-->
<!--
[endif]
-->
Бірінші сабағымнан бастап сыныптың ережелері қабылданды. Бұрын сыныпта оқушылардың тәртібіне орай құрылатын сынып ережесі деген болса, қазір оқушылар ережені өз қалаулары бойынша қабылдады. Осы уақытта дейін топпен жұмысты сабақтарда жарыс ретінде қолданып келсек , осыдан соң топпен жұмыстың көптеген тиімді жақтары бар екеніне көзім жетті мысалы, сыныпта шағын топтар құрылғаннан кейін, әр топтарда топ басшылары сайланып, өз тобын алға сүйреуге ұмтылған көшбасшылар бар шеберліктерін көрсетуге тырысса, топтық жұмыстардағы оқушылардың бір-біріне деген жанашырлығы көрініп, олар топтық жұмыс жасай отырып, бір-бірімен еркін араласты. Бір-біріне жақындай түсті.
Сыныптағы сабақтың жақсы өтуі де ынтымақтастық атмосферасына байланысты.Сондықтан ынтымақтастықты қалыптастыру кезінде менің үйренгенім оқушыларыма және өзіме де өзін-өзі реттеулеріне бағыт бердім. Себебі бұл,сыныптағы бірлескен жұмыста оқушылардың жауаптарын тыңдап,еркін ойлау дағдыларын дамытуды үйреттім. Шынында да,оқушыға уақыт беріп олардың ойларын, пікірлерін тыңдауда шыдамдылық мұғалімге аса қажет. Тәжірибеде жаңалық енгізудегі жетістігім - барлық жұмысты топпен жұмыстануға үйрету, яғни сол арқылы ауқымды тақырыптарды оқушының жалғыз өзі емес,топпен талқылауға бағыттауымда болды. Cонымен қатар оқыту процесінің барлығын диалог арқылы жүргізуге бейімдедім. Осы жерде диалог өрбу үшін дұрыс сұрақ қою өте маңызды, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана сұрақ сабақ берудің тиімді құралына айналатынына көзім жетті. Бұрын ойланбастан сұрақ қоятын болсақ қазір сұрақ қою техникасын жетілдіру бағытында жұмыс істеуді үйрендім. Сұрақ бір сарын емес, жан – жақты яғни түрленіп берілуі, астарында ой немесе басқаға бағытталуын қамтамасыз ету керекпіз. Мысалы, бұрын «Бәсеке деген не?» деп сұрақ қойсам, қазір бұл сұрақты түрлендіріп «Бәсекенің біз үшін маңызы неде?» және осы сұрақты жандандырып оқушы жауабына қарай түрлендіремін. Мен де оқушыларым да Блум таксономиясы А,В,С деңгейі бойынша сұрақтар құруды үйрендік.
10 жылдан артық мұғалім боп жүрмін десемде, осы уақытқа дейін дейін сұрақ қоюдың , берген жауаптардың техникаларын білмеппін.
Сыни тұрғыда ойлауды үйрету модулі оқушының сыни ойлауымен қатар мұғалімнің де сыни ойлауын қарастырады. Сондықтан, оқушының сыни ойлауын қарамастан бұрын ең алдымен, мұғалім өзі сыни ойлай алуы қажет. Оған қол жеткізуде мұғалім көп ізденіп, алған ақпараттарын саралап, қажеттісін таңдап, оқушыға үйретуі қажет деген қорытындыға келдім. Бұл модульді оқып - үйрену аясында мен оқушылардың айтқан,естіген ақпараттарын алдын ала саралап, сыни көзбен қарау арқылы, оқуға қызығушылықтары артып, ұжымдасып бірлесіп,саналы тәртіп орнайды. Сыни ойлау әдістерінің бірнешеуін осы төрт сабағымда қолданып көрдім.Мысалы, сабақтың негізгі бөлімдерінде «Джигсо», «Жұптас, бөліс», әдіс-тәсілдері қолданылса ал сабақты қорытындылау үшін «бұл шындық па жалған ба»? Барлығы бірдей оқушылардың сыни ойлауын бірден қалыптастырды деп айтпасам да, алған білімдерін өз беттерімен қорытындылап, өмірде пайдалануға бағыт алады деп ойлаймын. Ал өзім осы сабақтарды ұйымдастыру барысында өз оқытуым туралы, өткізген сабақтарым туралы сыни ойлауға үйрендім. Қазіргі заман талаптарына сай шымырда шыныққан азамат тәрбиелеу талабы қойылып отыр. Адам денесінің жетілуі-оның денсаулығы. «Егер дені сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек»,-деген Әл-Фараби. Бұл талапты орындауда ақыл ой ұшқырлығы мен еңбекке қабілеттілігін тәрбиелеуде, жеке тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің мәні зор.
Дене тәбиесінің мақсаты оқушы жастарды жан жақты дамытып, тәрбиелеу, білім беру және сауықтыру болып табылғандықтан дене тәрбиесі сабақтарында жеке тұлғаны қалыптасыру үшін мынадй әдіс тәсілдер қолданылады.
1.Қимыл ойындары.
2.Ой спорттары.
3.Дене жаттығулары.
Қимыл ойындары дене тәрбиесі пәнінің оқу құралы болып табылады. Қимыл ойындарына баскетбол, волейбол, гандбол, футбол тағы осындай ойын түрлері жатады. Бұл ойынды кез келген дені сау ер бала мен, қыз баланың аса қызығушылықпен ойнайтыны анық.
Бұл ойындарды ойнай отырып, көптеген дене жетістіктеріне жетуге болады. Денені қалыпты сақтап, артық салмақты қуалау, бойдың еркін өсуі, сезім мүшелерінің қалыпты дамуы, адам ағзасының қалыптасуы, соныменқатар денені ептілікке, жылдмдыққа, қырағылыққа, икемділікке баули отырып, салауатты өмір салтын құра алатындай жетістіктергесептігін тигізері сөзсіз. Бұл қимыл ойындарын ойнап дені сау бала дене қасиеттерін дамытып, денесі жарымжан балалардың түзеліп кетуі әбден мүмкін.
Ал, ой спорты дегеніміз-ол дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындары. Бұл ойындар көбінесе мектептен тыс дене тәрбиесі секцияларында жүргізіледі. Бұл ойындардың да адам баласына тиер жақсы әсерлері мол. Бұл ойындарды ойнап жалпы ми қабатын демалдырып ақыл-ес кеңейіп, шатаспауға, ойлануға жылдам әрі дұрыс шешім шығаруға сенімділікке тәрбиелеуде маңызы мол. Дене жаттығулары дегеніміз-ол жалпы дене тәрбиесі сабақтарында қолданылатын белтемірге тартылу, орыннан ұзындыққа секіру, шалқалап жатып денені көтеру, жалпы президенттік сынамалар да дене жаттығулары аталуына саналады. Таңғы жаттығулардың тиімділігі жоғары, ұйқыны ашып, адамды сергітіп, еңбекке деген қүштарлық пен таңғы асқа деген даярлық деуге болады. Жалпы дене жаттығулары адам денесінің бұлшық еттерін жетілдіріп, дамытып оқушы жастарға денсаулығын дамытуда секіруге, жүгіруге сондай-ақ әр алуан дене жаттығуларын орындауда керегі мол. Қимыл ойындары мен дене жаттығуларын оқушылардын денсаулығына, жасына,жынысына,дене қабілетінің мүмкіншіліктеріне қарай жаттықтырған жөн. Әрбір жаттығуды мұғалім өзі жасап көрсетіп оқушыларға жетік меңгере алғанынша түсіндіргені жөн жене әрбір жаттығуды өз ережесіне сай орындап отыруға әдеттендіруді міндетке қою.Оқушылардың дене дайындығы, қимыл-қозғалыстарды меңгеру дәрежелері біркелкі еместігімен қатар қызығуы мен білім денгейлері әр түрлі болып келеді. Оқушылар санының аздығына байланысты дене жаттығуларын, ойындарды ұйымдастырудағы өзіндік ерекшеліктері бар. Ойын барысындағы қимыл қозғалыстарының үнемі бақылауын қажет етеді.
Мектептегі іс-тәжірибемнен байқағаным, оқушылар үшін бағалаудың маңызы зор екендігі мұғалімдерге арналған нұсқаулықта берілген анықтамада: «бағалау - одан арғы білім алу үшін шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин» десе, латын тілінен аударғанда жақын отыру деген мағынаны береді екен,яғни бір адам басқа бір адамның не айтып не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында болып табылады делінген. Менің ойымша дұп-дұрыс берілген анықтама екен. Яғни балалар бірін-бірі өзара, топтық бағалауда бірінің іс-әрекетін қадағалап отырды .Осыған дейін сыныпта мен тек қана 5-6 оқушыны бағалаған болсам, ал қазір бір сабағымда сыныпты өзін-өзі бағалау арқылы түгел бағалап, топтар бірін-бірі өзара бағалайды. Сыныптағы тұйық, көп сөйлемейтін оқушылар да белсенділік танытатындай діәрежеге қол жеткіздік. Ең бірінші сабақтарымда өзін-өзі бағалау, өзара бағалау тәсілдерін қолданған кезде оқушылардың арасынан жалған көтерме баға қою байқалды. Бірақта бағалау шынайы болу керек екендігі айтылып, ескерткеннен кейін нәтижесін бере бастады. Ал құнды пікірлерді қол шапалақтаулар бойынша, немесе мұғалімнің «Жарайсың!», «Өте жақсы», «Тамаша» деген ынталандыру сөздері бойынша бағаладым. Осы жерде байқағаным үлкен сыныптың оқушылары болса да жылы сөздің өзі қанат бітіргендей болады.
«Қалай оқу керектігін үйрену» бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу барысында Кембридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша жұмысқа тартылды. Ол жобаның мақсатының бірі: оқушының оқу мен оқыту туралы пікірін ескеру болды және мұғалімдерге деген эмоционалдық жағымды қатынас туындауын дамытуға ықпал ететіндігі расталса, рефлексия парақтары бірі болды. Осы рефлексия парағы арқылы оқушылардың нені қалайтынын , сабақта болашақта қалай жоспарлайтынымды біле алдым. Мысалы, алғашқы сабақтарым ойымдағыдай өтпеді . Себебі сабаққа қолданған әдіс-тәсілдерді көп қолданып сабақ мақсатына жетпеді. Осы сабағым туралы да балалар ойларын ашық жеткізе білді, яғни рефлексия арқылы оқушылардың ойын біле отырып мен келесі сабақ жоспарын құруда олардың пікірлерін ескеруді үйрендім. Бұл арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты. Осы жерде Күмісбек атты оқушымның жазғаны есіме түсіп отыр,ол сыныптағы сабақтар бұрынғы сабақтармен салыстырғанда өте жақсы өтіп жатқандығы және бағалау туралы өз пікірін жазыпты .Сыныптағы өзін-өзі бағалау деген тамаша нәрсе екен , мұғалімдердің қанша айтсаңда «4» деген қатып қалған бағасын қоюдан өзін-өзі бағалау, өзара бағалау құтқарды дегені.
Қазіргі ақпараттық заманда оқушыларды таңғалдыру мүмкін емес жағдай. Сондықтан, осы кезеңге дейін АКТ-ны қолдану дегенде слайд, презентацияларды қолдану керекпіз деген ұғым қалыптасқан болса, қазір АКТ-ның көптеген мүмкіндіктерін сабақтарда жүзеге асыра отырып, олардың пәнге қызығушылықтарын және нақты білімдерін көрсетпесе де, оған жетуде мол мүмкіндік беретіндігіне мұғалім ретінде көзім жетті. Бұрын оқушылардың ұялы телефондарын сабақта тыныштықты бұзады деп қолдануға тыйым салған болсам, ендігі көзқарасым басқаға өзгерді. Оны ақпаратты іздеу құралы ретінде сабақта пайдаланып, оқушы пікірімен санасу арқылы бірлесіп жұмыс жасауға болатынына көзім жетті. Мысалы, «Допты қабылдау және беру» деп аталатын сабағымда атақты футбол жұлдыздарының допты қабылдаған сәттері мен допты әріптесіне берген сәттерін оқушыларға ұялы телефондарын, ноутбукті пайдаланып, яндекс сайтынан қарау тапсырылды, сол-ақ екен балалардың барлығы шын айтып отырсыз ба деп жамырап қоя берді де, берілген тапсырманы орындауға кірісті. Олар сол кезде телефонды тек байланыс құралы емес, сабаққа да пайдалануға болатынына көздері жетті. Немесе әрбір сыныптар үшін әлеуметтік желілерде қоғамдастықтар құрылып, оқушылар керек қосымша материалдардын желілерден жүктеп ала алатын болды.
Сондай - ақ, ағылшындық ғалымдар Мишра мен Келердің айтуынша, технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білімдерін іске асыруға қабілетті мұғалімдер зертханада жұмыс жасайтын ғалымдар мен тәжірибелі мұғалімдерден жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып саналатындығын анықтаған.Сондықтан, бұл курстың идеясы АКТ құзыреттілігі жоғары мұғалімді қалыптастыру болып табылады.
Себебі, кітапта жоқ ақпараттарды электрондық құралдардың көмегі арқылы компьютерде өңдеу, интернет желісінен бейне (видео) арқылы көрсету, оны көшіру мұғалімнің жұмысын да, оқушының қабылдауын да жеңілдетеді деп ойлаймын. Осы модульде нұсқаулықта берілген подкаст, wiki-беттерімен жұмыстану мен үшінде оқушы үшін де жаңалық болды. Алдағы уақытта осы жаңалықтарды оқушылармен бірлесе отырып жүзеге асыру қажеттігін ұғындым. Мұғалім ретінде АКТ құзіреттілігім бұрынғыдан да арта түскендігіне көзім жетті, себебі осы курстың барысында әріптестерімнен гиперссылка , анимация жасауды «ютуб» сайттарынан видеороликтерді көшіруді үйрендім. Курсқа дейін дене шынықтыру пәнінің мұғаліміне АКТ пайдалану аса пайдалы деп ойлаған емеспін. Сабақтарымда АКТ әдіс-тәсілдерін қолданған да емеспін.
Дарынды және талантты балалар туралы ойым осы курсқа дейін өзгеше болатын. Осы кезде оқушылардың барлығы дарынды тек олардың уақытында қабілетін анықтап, дамыту керек деген тренеріміздің сөзі есіме түсіп отыр. Осыған мән бермей келіппін. Біз үшін қатып қалған қағида сыныпта тек қана 4-5 дарынды оқушы болуы шарт, сондықтан менің дарынды балалар туралы ойым мүлдем басқаша болып өзгерді. Осы курстың барлық мүмкіндіктерін толық орындасақ, алдымыздағы оқушылырдың барлығының дарынды болатынына көзім әбден жетті.
Қазіргі таңда мектепте менің мұғалім ретіндегі көшбасшылығыммен өз тарапымнан оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттері бақыланып, бағыт беріліп отырады. Сабақ кезінде оқушылар топпен жұмыстануды, бір - бірін сыйлап,пікірлерімен санасуды,дербес жұмыстан топтық жұмысқа тез көшуді, қажет болған жағдайда бір-біріне көмек көрсетуге бағыт алды. Жоғарыда аталған жеті модулді өз тізбектелген сабақтарымда ықпалдастыруға үнемі тырысамын. Мәселен, мұғалімнің көшбасшылығымен жоғарыдағы айтылғандар басқарылып, топпен жұмыстану арқылы сыни ойлауларына бағыт беріліп, өздерін және бір-бірлерін әділ бағалауға жол көрсетіліп,талантты балалар қалған оқушыларға көмек көрсете алды. Осы идеяларды ұштастыру арқылы өз-өзімді, оқушылардың өздігінен реттелуін дамыттым.
Ойымды түйіндей келе айтарым, қазіргі сабақтарыма енгізген жаңалығым өте –өте көп болды. Бұрынғы уақыттарда дәстүрлі сабақ кезінде оқушыларға тек қана дайын білім беріліп, оқушылар тыңдаушы болып, ал біз, яғни мұғалімдер сабақтағы уақыттың басым бөлігін өзіміз жаңа сабақ жайлы ақпарат беруге пайдаланатын болсақ қазір оқушының өзінің ізденуіне көп мүмкіндіктер бере алатын болдым.
Елімізде осындай сындарлы оқытудың нәтижесінде біліктілігіміз көтеріліп, сабақтарымызда жаңа тәсілдерді қолданып, оқушыға өз бетінше білім алу, ізденіс жұмыстарын жүргізу, сыни тұрғыда ойланып, пікірлерін еркін жеткізе білуге қолымнан келгенше дағдыландырдым деген қорытындыға келдім. Білімімді жетілдіргеннен кейін мен сабақты түрлі формада ұйымдастыра білуді, оқушыларды критерий арқылы бағалауды, айналаға сыни көзқараспен қарауды және оқушыға еркіндік бере отырып, пікірлерін тыңдай білуді және өз іс-әрекеттерімді сыни тұрғыда бағалауға үйрендім деп ойымды аяқтағым келеді.