Жамбылская область
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Төлеби атындағы орта мектеп"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » рефлексиялық есеп Шардарбекова Жанат
24
сентябрь
2017

рефлексиялық есеп Шардарбекова Жанат

Жамбылская область, Жамбыл ауданы

Төле би атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі

Шардарбекова Жанат Диасқызының рефлексиялық есебі

 

 

Тіл қарым қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Шет тілі – жоғары диамикалық жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен қарым –қатынастарын түбегейлі  өзгертетін , жетілдіретін байланыс құралы. Демек, шет тілін оқытудағы басты мақсат – оқушыларды шет тілінде қарым –қатынас жасай алуға дағдыландыру, шет тілін үйрете отырып, ана тілін құрметтей білетін, өзге тілді білуге құштар білімді адамзат тәрбиелеу.

Президентіміз жастарға "Ағылшын тілін үйреніңдер, кіл әлемнің білім –ғылымы сол тілдің негізінде жатыр. Әлемдік бәсекеге қабілетті ел боламыз десек, бұл тілді жаппай меңгеру керек” –деген сөзін жиі айтуының да негізі бар.

Курсқа келген әрбір мұғалім өзгеріссіз қалмады. Тапсырмаларды шешу үшін өзіндік әдіс-тәсілдерді қолдана алу керек. Жалпы адам баласы, оның ішінде мұғалім өзгерістер жайлы әрқашан ойлану керек деп ойлаймын. Себебі білім беру үздіксіз дамып отыратын үдеріс. Ол дамыған сайын өзгерістерге толы болады. Ал мұғалім сол өзгерістерді қабылдап үйренуі керек. Барлық нәрсе жақсы нәтиже береді, егер дұрыс бағыт – бағдар берілсе.

 Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер де бар. (Нұсқаулық, «Сыныптағы диалогтың маңыздылығы» 38, 39 бб.) Диалогтық оқытуды балабақша жасындағы балалардың логикалық ойлау, сөйлеу қабілетінен бастап, мектеп жасындағы балалардың бұл қабілеттерін одан әрі дамыту керек.

Диалогтық оқытуды дамыту оқу процесіндетабиғатынан тұйық, өз ойын еркін жеткізе алмайтын өздеріне сенімсіз оқушыларға пайдасы шексіз. Атап айтқанда, оқушылармен жұмыс жасағанда: ұжымдық іс- әрекетке тәрбиелейді,шығармашылық белсенділіктерін арттырады және еркін ойлауға мүмкіндік береді.

                                                      

          « Бірігіп сурет салу » әдісі бойынша берілген тапсырманы орындау.

Тоқтар – тұйық, өте салмақты бала. Оның сабаққа ынтасын бұрын онша байқамаппын. Тез жауап бермесе басқа оқушыдан сұрап кете беретінмін. Мен 45 минуттың ішінде домтапсырмасын сұрап, жаңа сабақты түсіндіріп, сосын оны бекіту үшін жан таласатынмын. Қазір қарап отырсам мен оған ойлануға, жауап беруге уақыт бермейді екенмін. Харгривс пен Гэлтон (2002) мұғалім сұрақ қойған соң немесе сол сұрақты басқа оқушыға қойғанда екі минут көлемінде ойланатындығын анықтаған. Енді  Тоқтар секілді балалармен қарым – қатынас жасағанда осы ережеге сүйенетін боламын.

Алтын ереже құру кезеңінен бастап – ақ ол өзінің логикалық ойлау дәрежесінің жоғары екендігін көрсетті. Әрбір сабақ барысындағы идея Тоқтардан шықты.Оның шығармашылық белсенділігі артты, ұжымдық әрекетке, сыни ойлауға бейім екендігі нақты  тапсырмаларды орындау кезінде анықталды. Жаңа оқу жылынан бастап оның сыни ойлау қабілетін дамытатын тапсырмалар беріп, жеке жұмыс түрлеріне тартпақ ойым бар.

         Мозаика әдісімен жұмыс оқушылардың есте сақтау қабілеттерінің артуына мүмкіндік тудырды. Әр топтан шыққан оқушы бір сөйлемді оқып келіп, есінде қалған сөздерін өз тобының оқушыларына  жаздырды. Осылайша жалғаса береді.  Тіпті өзіне қиын деген сөздерді қолына жазып алыпты!Соңында тақтадан мәтіннің үлкейтілген дұрыс слабовидящих  шығады.Соны салыстырып, өз қателерін түзейді. Қатемен жұмысты жоспарлау арқылы оқушылар сауаттылыққа, шапшаңдыққа үйренеді деп болжадым.Алдыма қойған мақсатым орындалды. Бірақ жақсы оқитын оқушылары көп топтың жұмы-сы нақты әрі тиянақты орындалды.

« Бірлесіп сурет салу »  әдісі (« Елес жетегі »  әдісі деуге де болады )  барлық оқушыларға ұнады. Олардың сыни ойлау туралы қабілеттері ашылды. Оқушылардың жұмыстарын зерделеп болған соң, әркімге өз жұмысын қорғауды тапсырдым. Әр баланың өз суреті бойынша құраған сөйлемдерін біріктіріп, шағын әңгіме құрастырдық. Сосын суреттерді бағалап шықтық.

Оқушылар өздерінің түсінгендерін  « Бірігіп сурет салу »  әдісі бойынша суретпен толық жеткізе білді. Бұл жұмыс олардың шығармашылық қабілеттерінің артуына да көмектесті. Осы бір жұмыстың өзі Блум таксономиясының жүйесіне негізделді.Бірінші кезекте оқушылар ненің суретін салуды, қалай салуды ойластырды. Салған суреттерін қорғады. Ендігі жұмыс реті талдау, яғни әңгіме құрастыра отырып, өз ойларын айтты.Қорытындысында олар бір – бірін бағалады.

                                          

Тақтадан үш топқа үш тақырып «In a chemist’s», «At the cafe», «Buying clothes» берілді. Осы тақырыпта берілген тірек сөздер мен сөз тіркестеріне сүйеніп, диалогтық әңгіме құруды тапсырдым.  Топта әуелі жұптасып, сосын топтасып  жұмыс істеген оқушылар өз халдерінше тырысып, әңгімелесті. Тек 1-2 оқушы  түсінбегендіктен топқа ілесе алмады. Оларға бұл тапсырманы қайта түсіндіріп, бұрынғы өткен материалдарға қосымша тоқталдым. Екеуіне сол өтілген тақырыптардағы диалогтарды оқыта отырып, нәтиже шығардым. Екеуі топтың атынан шығып өз диалогтарын оқып берді. Сосын оны тақтадағы нұсқамен салыстырды. Бұл тұста оқушылардың құраған әңгімесі басқаларына қарағанда өзгеше шықты.

                      Школьникам осындай өз бетімен орындайтын жұмыстарды көбірек беру туралы осы сабақтан соң ой түйдім. Менің бір байқағаным – оқушылар тез жалыққыш. Сондықтан сабақта оларға қызықты осындай тапсырмалар немесе оқулықта жоқ, бірақ тақырыпқа сай берілсе, ойға жетелейтін әдістер  қолданылса, оқушылардың ой – өрісі кеңейеді, танымдық қабілеттері артады, дарынды оқушылардың қызығушылығы артады деп ойлаймын.

Сабақта оқушылардың барлығы бағаланды. Жұмыстарын оқушылардың өздеріне бағалау парақтары арқылы бағалаттым. Бұл жолы бағалау алдыңғы сабақтарға қарағанда сәл әділ болды. Осылай жалғаса берсе оқушылардың өздері нақты шешім шығарып, сыныпта жақсы атмосфера қалыптастырады. Сабақ соңындағы кері әсер парағына оқушылар сабаққа жақсы көңіл – күймен келетінін, сабақтардың ұнап жүргенін, тапсырмалардың қызық екендігін жазыпты.

Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере отырып бердім. Сабақ кезінде оларды үнемі ойланып оқуға бағыттадым Бұған бала өз бойындағы мүмкіндіктерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады деп ойлаймын.

Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабағым оқушылардың ойлануына және қиялына негізделді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып,оларды сөйлеуге, сыни ойлауға жетеледім. Сабақты жүргізудегі байқағаным -оқушылардың өзіндік көзқарастарының дұрыс қалыптасқандығы, білуге ұмтылыс танытқандықтары. Мұғалім, яғни мен дұрыс бағыт – бағдар берсем, олар толыққанды білім ала алады.Әрине, оқушылардың арасында сабаққа толық қатыса алмай, тапсырманы игере алмай отырғандары да болды. Бірақ көбінің білімді меңгеруге талпыныстары бар. Сондықтан мен уақытты дұрыс пайдалана отырып, нақты жағдайлар мен әртүрлі тәсілдерді дұрыс таңдаудың нәтижесінде оқушылардан домтапсырмасын сұрап, жаңа сабақты меңгертіп, формативті бағалауды қолдануда критерийлерді алға тарта отырып, сыни ойлауға да жетелеуге тиіс екендігімді ұқтым. Оқыту жүйесінде диалогтік оқытудың атқаратын маңызы өте жор деп ойлаймын. Себебі , әрбір сабақ өткізу барысында сұраққа-жауап беру, топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірлерін білдіріп ортаға салу, үйренгенін көрсете білудің өзі диалог ақылы жүзеге асады. Мұғалімнің сабақ барысында өз мақсатына жетуі, сол мақсатының қаншалықты деңгейде орындалғандығын анықтауда диалогті оқыту басты рөл атқарады. Сынып оқушыларын топқа бөлу кезеңінде, оқушылардың сыни ойлауын дамытудың өзі диалогтік оқыту арқылы іске асады. Қай сабақта болмасын, топқа бөлу үшін тақырыпты ашу барысында түрлі мазмұндағы сұрақтар қойылды. Ал мұндай сұрақтар қою оқушының белсенділігін арттырады, тұлғааралық қарым-қатынас орнатады, мұғалім мен оқушы арасында диалогтің жүруіне мүмкіндік туғызады. Осы постер қорғау арқылы оқушыларға спорт жөнінде "Do you know about sports? What kind of sports do you know? What is your favourite sport? Do you like tennis? How many players are there? Do you like football? How many players and teams are there? деген жеңіл сұрақтар арқылы оқушылармен диалог түрінде пікірлесіп, ойлау қабілеттерін арттыра отырып, сабақтың тақырыбын ашып алу мақсатында "Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді  ” және көздеуде де осы "Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер” модуль негізінде  "Қалай оқу керектігін үйрету” бағытын ұстандым. Сұраққа өте жақсы жауап берген оқушылар болды. Бақылау нәтижесінде  менің байқағаным топ ішінде қай тапсырма болсын тез шапшаң жауап беруге дайын тұратын оқушылар болды. Олардың ішінде өзім зерттеуге алған білім деңгейі жоғары оқушым Диас және білім деңгейі орташа оқушым Алмаз және білім деңгейі төмен оқушым Асылжан. Аталған оқушылар сабақ үстінде өз деңгейлеріндетапсырмаларды орындады. Орындай отырып, оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмалар бере отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттырып отырдым. Дарынды және талантты оқушылар алдыңғы сабақтартағыдай тапсырмалар барысында көзге түсіп отырды және күрделенген тапсырмаларды орындап отырды.Мағынаны тану бөлімінде оқушыларға бүгінгі сабаққа ақпарат бере отырып, оқушларға АКТ пайдалану арқылы жаңа сөздерді интерактивті тақтадан слайд арқылы көрсете отырып, онда оқушылар жаңа сабақта кездесетін жаңа сөздердің оқылуы мен аудармасымен жұмыс жасады. Сөздікпен жұмыс жасау арқыл оқушылардың сөздік қорлары молая түсті. Оқушылар өздеріне қажет сөздерін сөздік дәптерлеріне "Инсерт” әдісі арқылы түртіп алды. Тапсырмалар орындау барысында "Құрастыр, одан кейін жауап бер ” әдісі арқылы жаттығуды интерактивті тақта арқылы спорттың түрлері  мен спорттың құрал –жабдықтарының суреттерін және сол суреттердің айтылу сөздерін слайд арқылы оқушылар сәйкестендірді .Оқушылар бұл тапсырманы қызығушылықпен орындады. Осы тапсырмаорындаған оқушылады ынталандырушы сөздермен ынталандырып отырдым. Алдымен жеке жұмыс жасалды. Одан кейін бірінің жауабын бірі тексерді. Осы тапсырмадан кейін мен оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары жөнінде сұрақтар қойдым. Do you know about Kazakh national games?What kind of national games do you know? Оқушылар "Иәдеп қазақтың ұлттық ойындарын атап айтты. Осы тапсырмадан кейін оқушыларға интерактивті тақтадан қазақтың ұлттық ойындары туралы видеофильмдер көрсеттім.Оқушылар қазақтың ұлттық ойындарының ерекшелігі мен маңызылығын олардың қалай ойналатындығы жөнінде толық ақпарат алды. Мен осы фильмнен кейін оқушыларға жеңіл сұрақтар қойдым. Сосын оқушылардан ойындардың ерекшелігі мен маңыздылығы жөнінде қаншалықты түсінгендіктерін білу мақсатында мен оқушыларды сөйлеуге, өз ойын айта білуге, түсінгендерін бір –біімен пікірлеуге шақырдым. Оқушылар видеофильмнен алған мәліметтерін өте қызығушылықпен орындай отырып, бір –бірімен пікір алысты. Сабағымның келесі бөлімі "Кім шапшаң?”  ойыны арқылы оқушылар жаңа сөздерді сұрақ қоя отырып, сол сөздің аудармасын сұрады.Сөздердің аудармасын аудара отырып, екі топ бір-бірімен жарыса білді. Аталған екі топ бір-бірінен қалыспай жауап беріп, сабаққа деген қызығушылықтары артты және сөздік қорлары молайды. "Сергіту сәті ” бойынша оқушылардың шаршағанын болдыртпау мақсатында сергіту жаттығуларын орындаттым. Оқушылар сергіту сәтін қызыға отырып орындады. Мәтінмен жұмыста оқушылар берілген мәтінмен жеке – жеке танысты, таныса отырып, жеке, жұппен орындады, болған соң топпен жұмыс жасады. Әр топ алдымен оқып, түсінгендерін түсіндірді және қазақшаға аударды және тапсырмаларын орындап болған соң бір –біріне бағдаршам арқылы баға берді. Оқушылар мәтінге өте жақсы түсінді. Оқушылардың сыни тұрғыда ойлана отырып, өздерінің ойларын терең айта білді. "Детальдарды қосу ” әдісі бойынша жаңа сөздерді қай мәтінге сәйкес келетінін жазды. Оқушылар өте қызығушылықпен орындады, әр топ өздерінің тапсырмаларын қорғады, болған соң "Қол шапалақтау” арқылы бір –бірлерін бағалады. Осы тапсырмаларды орындау барысында топта топбасшылар анықталды. "Оқытуды басқару және көшбасшылық” бағытында оқушыларға түрлі жаңаша әдіс- тәсілдермен байланыса жасалған түрлі тапсырмалар бере отырып, оқушылардың сабаққа деген қызғушылықтарын арттырдым. Оқушылар мен берген тапсырмаларды сыни тұрғыда ойлана отырып, өздерінің сабаққа деген құштарлығын байқатты. Сабақты бекіту кезінде әр топқа тапсырма бердім. Топтан бір –бір оқушы шығып өз жұмыстарын қорғады. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар бір –бірімен ұйымдаса отырып орындағандарын байқадым және өзім жаңаша әдістермен тапсырмалар беруде топтан топ басшылар шықты. "Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау” алдыңғы сабақ үдерісіндегідей "Бағалау критерийі”және "Өзін –өзі бағалауы”, "Жұппен бағалау”,"Топты бағалау” сияқты стикерлік ұсыныстар мен ипікір білдіруде көрінді. Мен сабақ барысында оқушыларды әрбәр орындаған тапсырмалары үшін "Өте жақсы”, "Жақсы”, "Керемет” деген ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым. Бағалау бөлімінде әр топқа топ басшылары оқушылардың қаншалықты деңгейде қатысқандығын түрлі фигуралар арқылы бағалады. Онда жұлдызша -5 деп, төртбұрыш -4, үшбұрыш -3 деген бағалаулар арқылы әр топ мүшелерін бағалады. Топ басшыларын бағалау критерийлері бойынша бағалады және өзін –өздері бағалаттым. Өзін –өздері бағалатуда оқушылар сабақта қаншалықты дәрежеде болғандарын әділ бағалап шықты. Әр топ басшылары мен оқушылар өздерін бағалап болған соң өзім оқушылардың оқыту барысындағы іс – әрекеттеріне қорытынды баға бердім және үйге тапсырма бердім. Бағалап болған соң оқушылар көңіл –күйлерінің қандай болғанын жақсылық ағашына түрлі –түсті стикерлермен көрсете білді және сабақ соңында оқушылар  "Бүгін сабақтан не алдым” тақырыбында эссе жазды. Бұл сабағымның да оқушылар мүмкіндігінің артуына, белсенділікпен жұмыс істеуіне, өз көзқарастары мен пікірлерінің негізге алынатынына көз жеткізетіндей дәрежеде өткеніне қуандым. Нәтижелі өткізген әр сабақ тек қана оқушы үшін емес мұғалімге зор шабыт туғызатыны еш күмәнсіз ақиқат екеніне шүбә келтіре алмаймын. Әсіресе, оқушыларым сабақ барысында мәтіндерді өздері түсініп, аударып өз ойларының артқанын және бір –бірінен қалыспай, өте қызықты дәлелдер мен пікірлер келтіре алғаны мені қатты қуантты. Сабақта болған сәтсіз тұстары: Оқушылардың сөздерді оқуда қателесуі. Сабақтың сәтті өтуі: Оқушылардың сабақты  жақсы түсінуі және оқушылардың топпен белсенді жұмысқа қызыға араласып жұмыс жасаулары , бір-біріне көмектесе ақылдаса тапсырмаларды орындауы, нашар оқитын оқушыларыма қасындағы жақсы оқитын оқушыларымның сабақты түсіндірулеріне көп белсенділігі тиді. Алдағы уақытта нені өзгертер едім: оқушылардың өздігінен ізденіп, сөздік жұмыстармен көп жұмыс жасауын, бір –бірімен жиі диалогтық сөйлесулерін ағылшын тілінде айта білуге , сөздік қорларының молаюы үшін әртүрлі оқушылар деңгейіндегі сабақтың тақырыбына байланысты сұрақ қоюымды алға мақсат етіп қоямын. Сабақ өтудің өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, сыни ойлауын жүзеге асыруда, диалогты әдісті тиімді қолдануда  нәтижеге жетудің мүмкіндіктері  мол екен.

Мен әлі де болса жаңашыл әдіс- тәсілдерді тереңірек зерттеп, ізденіп оқығым келеді. Мен бұрынғы қолданып жүрген әдіс – тәсілдерді сыни ойлауға жетелейтін стратегиялармен ауыстырып қолданғым келеді. Жүсіпбек Аймауытов : "Баланың ынтасын ояту үшін оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек” деген. Яғни, мұғалімдер үнемі жаңарып, әр сабақты түрлендіріп отыратын болса оқушының да қызығушылығы артатыны анық.

         Адамзат өмір бойы үйренумен, ізденумен болады. Алдағы уақытта мен де үздіксіз ізденісте боламын. Адам белгілі бір істе шеберліктің шыңына шығу үшін – сол әрекетті сан мәрте қайталап, дайындалып, әбден үйреншікті дағдыға айналғанға дейін талпынады. Мен жаңашыл әдіс – тәсілдерді меңгеруді де, өзгеріс енгізуді де осындай үнемі дамуды қажет ететін ұзақ мерзімді үдеріс деп түсіндім.

Өзімді сол көп уақытқа созылатын үдерістің ең бастапқы баспалдағында тұрмын деп елестеттім. Келесі баспалдақтарға көтерілген сайын сабағымның да, өзімнің әрекеттеріңнің де сапасы арта береді. Келешекте бар күш – жігерімді құзіретті бәсекеге  қабілетті оқушы дайындауға жұмсаймын! Әлем өзгерді мен де өзгеремін, бұл күнде өзгеріссіз қалу өте қауіпті.