"Жол қозғалысының жас инспекторлары" байқау Сейділдаева
«Төле би атындағы орта мектебі» КММ
«Жол қозғалысының
жас инспекторлары»
(байқау)
Қатысушылар:5-6 сыныптар
Ұйымдастырушы: 7- сынып
2017-2018 оқу жылы
Тақырыбы: «Жол қозғалысының жас инспекторлары» (байқау)
Мақсаты: Жолда жүру ережелерін сақтауға саналы тәрбиелеу, жолда жүру ережелері және жол белгілері туралы білімдерін кеңейту, ойындық тапсырмалыр арқылы қабілеттерін зерделеу.
Барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні
Нұрдәулет: Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Мерей: Қайырлы күн! Бүгінгі «Жол қозғалысының жас инспекторлары» байқауына қош келдіңіздер! Байқауға 5-6 сынып оқушылары қатысып өз білімдері мен жігерлерін көрсетеді. Байқау жеңімпаздары ұйымдастырушылар атынан мақтау қағаздары мен алғыс хаттарға ие болады. Алдымен келген қонақтарымыз бен байқауға әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1._________________________________________________
2._________________________________________________
3._________________________________________________
4._________________________________________________
5._________________________________________________
Нұрдәулет: Байқау шарттары:
1. «Біз- жолаушы, жасұлан!»(саптық жүріс,топ аты,төсбелгі және қабырға газетін таныстыру)
2. «Жол қозғалысының белгілерін білесің бе?» (топ басшылар сайысы)
3. Жас реттеуші ( реттеуші міндеттерін таныстырады 1 ұл, 1 қыз қатысады)
4. Веложарыс (1ұл 1 қыз жылдамдыққа жарысады)
5. «Біз жол ережесін сақтаймыз!» (топ қатысушылары көрініс көрсетеді.)
Мерей: Байқау қатысушылары сіздерге сәттілік, белсенділік тілейміз және кім алғыр болса сол жеңіске жететінін еске саламыз!
Нұрдәулет: Жыламасын, аналар,
Жас ұландар өсе бер!
Сақ болыңдар, балалар,
Сақ жүріңдер көшеде!
Мерей: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп.
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға,
Бірге: Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Нұрдәулет:
1. «Біз- жолаушы, жасұлан!»(саптық жүріс,топ аты,төсбелгі және қабырға газетін таныстыру)
Байқауымызды бастайтын 5 «А» сыныбы
5 «Ә» сыныбы
6 «А» сыныбы
6 «Ә» сыныбы
Мерей:
2. «Жол қозғалысының белгілерін білесің бе?» (топ басшылар сайысы)
Бұл сайыста әр топ басшысы дайындап келген жол белгілерінің қызметін басқа топ басшыларынан сұрайды.
Нұрдәулет:
3. Жас реттеуші ( реттеуші міндеттерін таныстырады 1 ұл, 1 қыз қатысады)
Мерей:
4. Веложарыс (1ұл 1 қыз жылдамдыққа жарысады)
Нұрдәулет:Футбол деген жақсы ойын саналар,
Стадионда ойнасаң тек балалар.
Көшеде доппен ойнама,
Қатерге басты байлама.
Мерей:Асфальтта көлденең
Сызылған ақ жолақтар
Бар жерінен өткейсің.
Алдыңдағы бағдаршам
Нұрдәулет:Жасыл көзі жанғанда,
Абайлап барып өткейсің,
Абай болшы мұндайда
Жаяу жүргінші болғанда!
Мерей:
5. «Біз жол ережесін сақтаймыз!» (топ қатысушылары көрініс көрсетеді.
Қазылар алқасы өз шешімін шығарғанша жолда жүру ережесі тарихынан айтсақ
Сөз кезегін қазылар алқасына береміз.
Рахмет , балалар. Бүгін сіздер өздеріңнің жол ережесін білетіндіктеріңді көрсеттіңдер. Қай жерде жүрсеңдер де жолда жүру ережесін сақтап, басқаларды да соған шақырып жүріңдер.