Төле би мектеп тарихы
Төле би
Қаракемер ауылында 1934-1935 жылдары бастауыш мектеп құрылады.Мектеп басшысы М.Қалыбеков және мұғалім Ж.Зиятбеков болып халық ағарту ісімен айналысады.1964-1965жылдары сегізжылдық мектеп болып құрылады.Оның алғашқы директоры М.Әліпбаев болды.1970 жылдан бері онжылдық мектеп болып жұмыс атқарды.80-жылдардың аяғында Қаракемер орта мектебі Төле би атындағы орта мектеп болып ауысады.
Мұғалімдердің жетістіктері
Ә.Кемпіреков- Қазақ ССР-і Халық ағарту ісінің үздігі
О.Шайымқұлов- Қазақ ССР-і Халық ағарту ісінің үздігі
Р.Баймұханова- Қазақ ССР-і Халық ағарту ісінің үздігі
Оқушылар жетістігі
С.Әуелбаев- техника ғылымының докторы,профессор
М.Беріков-Облыстық «НұрОтан»партиясының бірінші хатшысы
Т.Әжібаев-химия ғылымдарының кандидаты,НДФЗ-ның директоры
Б.Шайымқұлов-медицина ғылымдарының докторы
Т.Шманов-Облыстық қаржы полициясының бөлім бастығы
А.Ниязбеков- АТФ –банктың Жамбыл облысы филиалының директоры
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Төле би атындағы орта мектебінің ұжымы Қазақстандық интернет олимпиада рейтингісінде ІІ орын алғаны үшін "Дарын кубогымен марапатталды"