Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Төлеби атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Рефлексиялық есеп Сейділдаева Ләззат
24
сентябрь
2017

Рефлексиялық есеп Сейділдаева Ләззат

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы

Төле би атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Сейділдаева Ләззат Баяділқызының рефлексиялық есебі

 

                     Мұғалімнің өзгеруі ...

                     Интербелсенді әдіс – тәсілдер ...

                     Оқытудағы мүмкіншіліктер ...

           Иә, осы сөз тіркестері оқудың алғашқы күндерінен – ақ санамды билеп, жаңаша ойланып, дәстүрлі сабақтарыма біртіндеп өзгерістер енгізу керектігін  қолға алдым. Ең бірінші сабақтағы болатын кедергілерді тізбектедім, яғни  еліміздің егемендік алуына байланысты, соңғы жылдардағы тілші, әдіскер ғалымдардың зерттеу жұмыстарының нәтижесі және өз тәжірибемізде жиі кездесетін жайт - мектеп оқушыларының ағылшын тілінде сөздік қорының аз екендігі, олардың бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу деңгейінің төмендігі, тіпті өз ойларын да жеткілікті түрде жеткізе алмайтындығы оқушылардың сөйлеу біліктілігінің жоқ екендігін аңғартады. Бұған себеп, оқушылардың пәнге деген қызығушылығының жоқтығы, оқушының сөйлеу формаларын игерудегі дағдысының әлі толыққанды қалыптаспағандығы және мектептегі ағылшын тілі пәні сабақтарында оқушылардың коммуникативті сөйлеу біліктілігін дамытуға жете мән берілмейтіндігі деп есептеймін. Осы себепті қазіргі оқу үдерісінде ағылшын тілі сабағында қолданылатын интербелсенді  әдістер, әсіресе коммуникативтік ойындардың маңызы туралы іздене бастадым.

         Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан – жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.    
                    Оқу үрдісінде ойын - оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, құрамдас бөлігі деп есептеймін. Бұл туралы орыс педагогы А. Макаренконың айтылған сөздері орынды: «Оқушы өмірінде ойының маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Жеке адам ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады. Ойын оқушылар үшін - айналадағыны танып-білу тәсілі» - деп тұжырымдайды. Осы орайда оқуда үйренген әдістерді ойын ретінде өз сабағыма байланысты ықшамдауға машықтандым және әдістердің ағылшын тіліндегі, қазақ тіліндегі баламаларын да іздестірдім. Және бұл қысқаша ізденісім өзіме ұнай бастады, әсіресе балалардың көңілінен шықты.

Бастауыш сыныптарда, сондай – ақ 5-6 сыныптарда   "TPR – Typically physical response”  әдісін "Жалпы физикалық көңіл -күй” деп аудардым. Оқушылар мұғалімнің нұсқауы бойынша немесе бейнетаспаның көмегімен

 

өлең айтып, би билеп, қимылдарды қайталайды. Бұл әдіс ағылшын тіліндегі әндерді тез жаттауға, күнделікті іс –әрекетке бейімделуге көп көмегін тигізді.

              

                      "TPR – Typically physical response” -"Жалпы физикалық көңіл -күй” әдісі

 

                 

 

 

 

 

 

видео\20170426_153813.mp4

"Қауіпті аймақ” - "Danger zone”. Сыныпты екі немесе үш топқа бөліп отырғызамын, топқа бөлудің де бірнеше жолдарын пайдалануға болады. Оқушыларға қауіпті әрі қорқынышты болуы үшін қауіпті аймақты бейнелейтін белгілер мен суреттер орналастырамын. Тапсырмаға мүлдем қатыспаған оқушы "қауіпті аймаққа” барып жайғасады. Егер де бір жаңа сөздің аудармасын тауып немесе сабаққа белсендірек қатысса  "қауіпті аймақтан” шығуына мүмкіндігі бар.

    

 

                " Қауіпті аймақ ” - " Danger zone ”

 

 

 

" Көзжұмбақ ” -  " Mysterious ”. Оқушының көзі байлаулы күйде нұсқаушы – оқушының көмегімен жасырылған заттарды тауып , қандай зат екенін қолмен ұстап біліп , сол заттың ағылшын тіліндегі аудармасын айтады және келесі заты табуға кіріседі. Мысалы дарынды оқушының көзін байлап , ал үлгермеуші оқушыны нұсқаушы етіп тағайындауға болады.

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  " Көзжұмбақ ” -  " Mysterious ”

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Кір жайғыш”- "Big wash”. Оқушылар мәтінмен жұмыс істеуде жүзеге асады. Тиімді және қызықты сұрақтар қойған оқушыны анықтауға болады.

 

 

            Жалпы интербелсенді әдістер арқылы оқытудың басты мақсаты – оқушылардың білімін жетілдіру үшін қолайлы орта орнату екендігін назарға алдым.  Яғни , өзара қарым – қатынас арқылы өз пікірлерін ортаға салу, өзін еркін сезіну, басқалардың көзқарасымен санасу, сұрақ –жауап арқылы білімін бекіту, сонымен бірге тілдік қорын бекітуге мүмкіндік жасалады. Шет тілінде интербелсенді оқыту әдістерінің жоғарыда айтылғандардан басқа да бірқатар жетістіктерін атап көрсеткім келеді. Мәселен :

 - ақпаратты терең меңгеруге мүмкіндік береді;

 -тыңдау дағысын қалыптастырады;

 -қарым – қатынасқа түсуге, сол арқылы тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.

          Шет тілі сабағын оқытуда жиі қолданатын пікір – талас, дөңгелек үстел, рөлдік ойындар, диалог құру сынды әдістерді жоғары белсенділікті дамыту әдістерінің қатарына жатқыздым. Бұл әдістерді қолдану барысында үйретуші де, үйренуші де белсенді қарым – қатынасқа түсетінін айта кету керек. Оқу барысында жұптық және топтық жұмыстың маңызын түсіндім. Топта бірігіп жұмыс жасай отырып, оқушылар бір – бірлеріне көмек көрсетуге үйренді. Выготскийдің тілімен айтқанда оқушылардың топтасып жұмыс істеуі " Жақын арадағы даму аймағында ” – "Zone of Proximal Development” іске асып, белсенді оқушылардың үлгермеушілерге көмек қолын созуы " көпірше” –" scaffolding” деп аталып, сыныпта жағымды атмосфера құруға болатыны көңіліме қуаныш ұялатты.

        Оқуға қатысқан күннен бастап -ақ өзгеріске қатты талпынғаныммен кейбір кедергілер мен кемшіліктерден тез аттап кете алмадым. Үйренген әдіс – тәсілдерімді әр сыныпқа лайықтап дайындағаныммен  барлық сыныптарда жоспарлаған әрекеттерім сәтті шыға қоймады. Өйткені мен сабақ бойына бір ғана жаңа әдіс пайдалансам, келесі дәстүрлі әдісім баланы жалықтырып жібергендей көрінді. Ал кейбір сыныптарда мүлдем басқаша ой түйген кездерім де болды. Өйткені бір жаңа әдістің өзі оларға қызықты дүниедей көрініп, келесі тапсырманы асыға күтетінін байқадым.

         Оқушыны қалай ынталандыруға болатыны, өз жоспарымда жаңа әдіс – тәсілдер қалай көрініс табады, бұрынғы тәртіп пен жүйені қалай өзгертетінім туралы тағы да ойландым. Таңдаған  әдіс – тәсілдерімнен оқушылар нені үйренулері керектігін, оны өзім оқушыларға қандай дәрежеде түсіндіретіндігім туралы, талантты оқушылармен қандай жұмыстар жүргізетіндігім туралы,сыни тұрғыда ойлауға жетелейтін  тапсырмаларды қалай таңдау керектігін ойластырдым. Кейінгі сабақтарымда оқушылардың қызығушылықтары артып, білім сапасының жақсаруына мүмкіндік туды.

 

 

          Мәтінді құра оқытып, оның түсінсін – түсінбесін түсінігін сұрап немесе бірлі – жарым сұрақтарына жауап беріп отырғаннан жалыққан оқушылар  үшін, өзім пайдаланған тәсілдерім ұнамды болды.

          5 "Ә” сыныбында 18 оқушы бар. Қыркүйекте шет тілін үйренуге алдыма келген оқушылардың көздерінен қызығушылық пен қоса қорқынышты да байқадым. Әдеттегідей жағдай орын алды, яғни 2-3 оқушы барлық тапсырмаға ілеседі, 4-6 оқушы жаңа сөздерді жаттап мағынасын ажырата алады, 5-6 оқушы тапсырмаларға кейде үлгереді, кейде мүлдем түсінбей қалатындай көрінді. Тіпті 1-2 оқушы үлгермеушілер қатарында. Мен оқу барысында ойдағанымдай өзім өзгеріске талпына отырып, сыныптағы ахуалды жақсартамын деп шештім. Байқасам сыныпта футболға қатысатын ұлдар бар екен. Олар мен сабақ өткенде ағылшын тілі керек еместей арасында өз әңгімелерін айтып жатқанын құлағым шалды. Әңгімелері қай футбол командасы жеңіске жеткендігі және сүйікті футбол жұлдызы туралы екен. Мен де қарап қалмай оларға ілесіп,қай команда ойнағаны туралы сұрадым және ағылшын футбол клубтарының аттарын

сұрадым. Оқушылар белсене жауап берді. Міне сол кезде қызығушылықтары төмен оқушылардың назарын қалай аударуды, қандай әдістермен қызықтырудың жолын тапқандай болдым. Англия футболдың отаны және атақты спортшылар осы елден шыққандығы туралы, шетел спортшылары аылшын тілінде сөйлейтіндігі туралы білгенде оқушылар сабаққа кірісіп те кетті.

Сабақты оқушылардың қызығушылығын оятатын мына сұрақтан бастадым. Әдетте " Миға шабуыл”-"Brainstorming” сұрақтары деп аталады. 

-Which region of Kazakhstan has a lot of ecological problems?                                          -Kyzylorda .                                                                                                               –Why? What are the problems in Aral region?                                                                -The air pollution and water pollution cause serious health  problems.                          –Are there any problems in Zhambyl oblast?                                                                       - We have social problems in Taraz.

Сабақ не туралы болатындығын оқушылар біліп, сұрақ  мағынасына байланысты ой түйді.

         Оқушыларға жаңа сөздерді үйретуде "Step 1” – "Бір қадам ” ойынын пайдаландым. Әдісім өте сәтті шықты. Чемпиондыққа ұмтылған оқушылар үшін өте қызықты болды. Жаңа сөздерді топтағы оқушылар жасырады, аудармасын бірінші айтқан оқушы бір қадам жылжиды. Кім бірінші мәреге жетсе сол жеңімпаз атанады.

 

Алдияр- жеңімпаз. Бірінші тоқсанды "үштік” бағамен аяқтаған оқушым екінші жартыжылдықта ағылшын тіліне деген қызығушылығы артып, барлық ойын кезеңдерінде  жеңіске жетіп жүрді. Бағалары да сатылап көтеріле бастады. Бұған себеп – оқу барысында үйренгенімдей, яғни оқушының үніне қосылып оқушы неге қызығатынын ескергенім себеп болды деп ойладым. видео\20170425_102802.mp4

 

 

        

 

        «Үш қадамды сұхбат» әдісін түсіндіріп,топтарға мәтін бөліктерін таратып бердім. Балалар жұптасып, топтасып жұмыс істеді. Бір – бірінің пікірлерін тыңдады. Басқа топтарға барып, не түсінгендерімен бөлісті. Мен оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып, өз бетінше жұмыс істеуге, өздері қорытынды шығаруға машықтандырғым келді. Жұмыс бір дегеннен алға басқан жоқ. Дегенмен оқушылар ізденді, өз бетімен жұмыс істеді. Әр топтан көшбасшылар шығып, жауап берді. Жетелеу сұрақтарын қойдым. Мысалы,

 - Let’s talk about the environmental problems.

1- топ. «Traffic problems»: There are a lot of people in the city. Noise pollution comes from factories, trains and crowds of people. We hear the noise of traffic and music too. There are more supermarkets and dance clubs.                                                                                                                                                      – What activities do you do?                                                                                           (Дариға жауап бере алмады. Топ мүшелері оған көмектесіп, жетелеудің арқасында кішкене толықтырды.)                                                                                                                                 2 –топ. «Crowding»: Most cities are very crowded. Now many people are moving into the cities.                                                                                                             – Why are so many people moving from village?                                                                           - Because they think that city life is more interesting and it hasn’t unemployment,- деп жауап берген Аянға таң қалдым. Ол сыни тұрғыдан еркін ойлай алатындығын көрсетті. Өзім де Аян қалай жауап берер екен деп отырғанмын. Өйткені ана сөз қалай аударылады, мына сөз ше деп алдыма көп келген

 

болатын.                                                                                                                           3 – топ.«Pollution»: Many people throw many kinds of pollution. Air pollution come from cars and factories. We must protect the environment.- How should you protect the environment.                                                                          – We should plant trees and flowers. Don’t drop litter in the water. Әсемнің жауабы қашанда дайын. Осы тапсырманы дұрыс түсініп, белсенділік танытқан да сол.

           Мәтіннен түсінген ойларың бойынша сурет салыңдар (« Бірлесіп сурет салу») деген тапсырма бергенімде, балалар ерекше құлшыныспен жұмыс істеді.Бұл жерде олардың шығармашылық белсенділіктері артты. Нұрай қиялға беріліп сурет салады екен. Ол таза ауа, әдемі табиғаттың суретін салды. - Неге мұндай сурет салдың ? дегенімде, - Маған экологиялық проблемалар ұнамайды деп жауап берді. –Неге?  - Өйткені ол адам денсаулығына зиян,-деп ұтымды жауап берді.Салған суреттерін оқушылар бір – екі сөйлеммен қорғады.  Бұл тапсырма ұйымшылдықпен орындалып,  

мәтін бойынша жүргізілген жұмыс түрлері толық талқыланып, айқындалды. Яғни, оқушылар өз белсенділіктерінің арқасында тақырыпты меңгерді.

Сабақ соңында сөз түйіні ретінде  How can you protect the environment?  деген сұрақ бердім. Оқушылар экологиялық  мәселелер туралы ойларын ортаға салды. Кейбірі мәтіннен, жазғандарынан қарап оқып берді. Белгілі бір тақырыпты, сұрақты, мәтінді желісі бойынша талдау, қорғау жұмыстары  өз нәтижесін берері сөзсіз. Мұндай жұмыстар оқушының ой - өрісін кеңейтеді, сыни ойлауына жол ашады, сонымен бірге олардың шығармашылық өрісі кеңейеді.

 Келесі жаңа сабағымдағы мақсатым – тақырыпты өмірмен байланыстыру еді. Бұл сабақ өте қызықты өтті. Өзім де бұлай өтеді деп ойламап едім. Көңілімдегі тербеністі жеткізуге сөзім жоқ! Өткен сабақты қорытындылау үшін қойған сұрағымды қайталап сұрадым:

-How can you protect the environment ?                                                                             -We shouldn’t cut trees and plants!                                                                                         -Don’t throw rubbish in the streets, in yards and in school!                                                 -Don’t kill animals!                                                                                                                     - Stop polluting water, air, land!

         Аян «Осы сөздерді мектепке іліп қояйық, қағаздар мен тағы басқа қалдықтарды оқушылар тастамайтын болсын» деген ұсыныс айтты. Оның осы керемет идеясы маған қатты әсер етті.

Енді қағаз қалдықтары, үзілген түйме, моншақтар,босаған шөлмектер           шашылып  жатпайды!

 

Нәтижесі керемет шықты. Сыныпта қоршаған ортаны ластамау , сынып тазалығын сақтау туралы үндеу тасталды. Қоршаған ортаны қорғау проблемаларын қалай шешу керектігі жөнінде ой қорытты, бірақ ағылшын тілінде ойларын еркін жеткізе алмағандықтан, көбін қазақша айтты. Оны өзім аударып отырдым. Бұл сабаққа оқушылардың барлығын қатыстыруға мүмкіндік туды.Олардың әрқайсысы шығармашылық белсенділік танытты. Үй тапсырмасына жоспардағы жаттығумен бірге қағаз қалдықтарынан, тағы басқа керексіз затттардан қажетті нәрсе жасап келуді тапсырдым.

Әдіс – тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабағым оқушылардың ойлануына және қиялына негізделді,баланың тереңде жатқан ойын дамытып,оларды сөйлеуге, сыни ойлауға жетеледім. Сабақты жүргізудегі байқағаным -оқушылардың өзіндік көзқарастарының дұрыс қалыптасқандығы, білуге ұмтылыс танытқандықтары. Мұғалім, яғни мен дұрыс бағыт – бағдар берсем, олар толыққанды білім ала алады.

Сабақ басында оқушыларды критерийлермен таныстырдым. Олар мән бермеді. Өйткені бұрын - соңды болмаған дүние болған соң, түсінбеді де. 

 Топтық бағалау критерийлері: Регламент сақтау – 1 ұпай

Топ мүшелерінің жұмысқа тартылуы (сұрақ – жауап т.б.) – 1 ұпай                                                    Бірін – бірі бағалау критерийлері: Топтағы белсенділігі – 1 ұпай                    Серіктерінің пікірлерімен санасу – 1 ұпай                                               Талқылауға қатысуы – 1 ұпай. Барлығы 5 ұпай жинаған оқушы өте жақсы деп бағаланады деп түсіндірдім. Сабақ соңында критерийлер жазылған таблицаны өздеріне қойған бағаларымен толтырды. Мұны түсіндіруге уақыт көп кетті. Бірақ бұл жерде бағалау әділ болған жоқ. Балалар өздеріне тек 5 қойған. Ұнаған топқа 5, ұнамаған топқа 4 немесе 3 қойған. Ендігі жерде бағалау критерийлерін қалай құратыным туралы,  қалай сөздік қорын молайтып, өздері сөйлейтін дәрежеге жетуге болатыны туралы ойлана бастадым. Формативті бағалау оқушылардың танымдық іс – әрекетіне тікелей әсер етті. Бұл бағалау формасы оқушылардың жұмыс нәтижесін дұрыс бақылап – бағалау дағдысын қалыптастыратындығын білдім. Оқушының кемшіліктерін өздері анықтап, түзету әдістерін алдын – ала белгілі бір жүйеге келтіру мүмкіндігі болды. Әрбір топ басқа топтың қалай жауап бергендігін тексерді. Сондықтан олар мұғалімнің өздерінің білім деңгейін бағалағанына ренжіген жоқ, барлығы көз алдарында тұрды.

Дегенмен алдағы уақытта атқарар істер көп. Мен бағалауды бұрынғы жүйе бойынша сабақ соңына қалдырып отырдым. Оқушылармен бағалауды толық талқылауға уақыт тапшы болып қалды. Енді бағалауды сабақтың әрбір тапсырмасына сәйкес оқу процесі кезінде жүргізсем деген ойым бар. Өзім

 

үшін арнайы дәптер арнап, өз тәжірибемде формативті бағалауды қолға алмақшымын. Сонда оқушының қандай дәрежеге жеткендігін немесе одан биік дәрежеге қалай жету керектігін анықтайтын боламын.

     Ағылшын тілін жетік меңгермесе де, талпыныс жасаған алғашқы қадамдарына қуандым. Алдағы уақытта осыны ары қарай дамыту жолдарын қарастырамын.Келесі жылы осы жұмыстармен айналысамын деп алдыма мақсат қойып отырмын. Рефлексиялық есебімді әйгілі психолог Л.С.Выготскийдің сөзімен аяқтағым келеді: "Дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып,ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі...”. Мен өз жұмысымның нәтижесін және оқушыларымды биіктен көргім келеді...