02
март
2020
Жомарт түлек
Мектеп бітіруші түлектерімізге арналған «Жомарт түлек» жобасы іске асырылуда. Қаракемер ауылының тұрғыны, Төле би атындағы орта мектебінің түлегі 
МАСАТ ӘШІМҰЛЫ БЕРІК
1955 жылы 2 мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданының Қаракемер ауылында дүниеге келген. Қазақ, білімі жоғары. 1977 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Филолог. Қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы», 1992 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын «зооинженер» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1977 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі қызметінен бастаған ол, 1979-1998 жылдары Жамбыл облысының партия-кеңес органдарында, коммерциялық және өндірістік құрылымдарда басшылық лауазымдарда болды.
М.Ә.Берік 1998-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы басшысының орынбасары-бөлім бастығы, облыс әкімі аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат департаментінің директоры, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Жамбыл облыстық «АРАЙ» газетінің редакциясы» ЖШС-ң Директор-бас редакторы қызметтерін абыроймен атқарды.
М.Ә.Берік облыс жұртшылығына ұйымдастыру қабілеті өте жоғары, жауапкершілік жүгін жете сезінетін білімді де білікті басшы ретінде танымал, еңбегімен елге сыйлы азамат.
Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене атсалысады. 2007 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, 2012 жылдан – Жамбыл облыстық мәслихатының V және VІ шақырылымының депутаты. Облыстық мәслихаттың Экономика, бюджет, салық және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциясының жетекшісі.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» және бірқатар мерекелік медальдармен, «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін», Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» кеуде белгілерімен, «Қазақстан мәслихаттарының құрметті депутаты» құрметті атағымен, Жамбыл облысы әкімінің, сондай-ақ Жамбыл облысы мәслихатының Құрмет грамоталарымен марапатталған.